МТРА жаңалықтары

«Көп профильді жабыдықтар зауыты» ЖШС мұнай ұңғымасын бұрғылауға арналған құрылғыларды жасап шығаратын теңдесі жоқ кәсіпорын

Евгений Иванов – «Көп профильді жабдықтар зауыты» ЖШС темір жонғыш станогының операторы.

– Мен зауытқа 2000- шы жылдары келген едім. Ол кезде станоктырдың барлығы ескі болатын. Ал мына жаңа қондырғыны меңгеру үшін жарты жылға жуық уақыт жұмсадым. Қазір күніне 100-ге тарта бөлшекті ешкімнің көмегінсіз өзім жасай беремін. Барлығы автоматтандырылған. Тек қажетті бағдарламаны таңдасаң болғаны.

Бүгінгі күні зауытта 250-ге жуық азамат, үш ауысымда еңбек етеді. Жұмысшылардың басым бөлігін жастар құрап отыр. Айта кету керек нақ осы цехта мұнай ұңғымасын бұрғылауға арналған құрылғыға қажетті 1000-ға тарта бөлшек түрі әзірленеді. Соңғы екі жыл уақыт ішінде кәсіпорынға бес бірдей жаңа станок орнатылған. Заман талабына сай қондырғылар өнімді тез, әрі сапалы жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Сергей Федосеев – «Көп профильді жабдықтар зауыты» ЖШС директоры.

– Өкінішке орай былтырғы жылмен салыстырғанда зауыт өнімі 5-6 пайызға төмендеді. Оған уранға деген бағаның төмендеп кеткені кері әсерін тигізіп отыр. Мәселен 2013 жылы біз тек Өзбекстанға 1 миллион АҚШ долларының тапсырысын орындадық.

Қазіргі таңда зауыт өнімдеріне сұраныс жоқ емес, бар. Дайын болған өнім Ресей Федерациясының бірнеше облыстарына экспортталады.

Сергей Федосеев – «Көп профильді жабдықтар зауыты» ЖШС директоры.

– Былтырғы жылдан бастап біз Ресейдің Қорған, Түмен облыстарымен әріптестік орнаттық. Осының арқасында біз олардан 140 миллион теңгенің тапсырысын қабылдадық. Енді алдағы уақытта Омбы өңірімен қарым – қатынас орнатуды жоспарлап отырмыз.

Зауыт болашақта мұнай-газ саласына қажетті қондырғыларды да жасап шығаруды жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.