Балалар

Әзіл үшін елордадан қола жүлде

Бұл №2 орта мектеп оқушыларының “Жайдарлы Жасұлан” республикалық байқауында жүлделі үшінші орын алуына септескен әзілдерінің бірі. Жалпы жас жайдарманшылар өз ойындарында түрлі тақырыптарды қозғайды. Мысалғы мынау көрініс мектеп туралы.

Кішкентай әзілқойлар 2-і сыныпта оқиды. Жастарының кішілігіне қарамастан болашақ жайдарманның жұлдыздары республикалық байқауда Солтүстік Қазақстанның намысын сәтті қорғап келді. Айта кету керек, елордада өңіріміздің намысын тек осы №2 орта мектебінің құрамасы ғана қорғаған. Аталған команданың мүшесі Даниял Шаймұрат басқа облыстардың жайдарманшыларымен сайысу оңай болған жоқ дейді.

Даниял Шаймұрат – №2 орта мектебі жайдарман құрамасының мүшесі

– Біздің команда Астана қаласында үшінші орынға ие болды. Мұндай деңгейде біз алғаш рет ойнадық. Сахнада өнер көрсеткенде аздап қобалжыдық. Және де СҚО-ың атынан ойнау біз үшін үлкен құрмет болды.

Көңілді әзіқойлар “Жайдарлы Жасұлан” фестиваліне ұзақ, әрі тыңғылықты дайындалған. Жас балаларға әзілдерді жазуға ардагер жайдарманшылар көмектескен. Көңілді тапқырларға дайын материалды көрермендерге әзіл күйінде жеткізу ісі ғана қалған.

Ерлік Мұхамеджанов – СҚО Жайдарман лигасының директоры

– Бұл фестивальге қатысқан командалардың барлығы мықты болды. Байқауға іріктеу облыс деңгейінде өткен болатын. Міне сол сынның жеңімпазы №2 орта мектебінің құрамасы атанған.

Өз оқушыларының бұл жетістіктерімен ұстаздарыда мақтануда.

Әмина Байбурина – №2 орта мектебінің директоры

Біз өз оқушыларымыздың осындай жетістікке қол жеткізгендеріне қуаныштымыз. Алдағы уақыттарда да осындай жеңістерге жете берсін.

Көңілді тапқырлардың енді кезекті ойыны 12 қараша күні мектеп лигасының 2014-шы жылғы Маусымашар фестивалінде өтеді. Айта кету керек бұл құрама өткен жылы осы лиганың былтырғы маусымының чемпионы атанған.

 

Риат Шони.