Қоғам

Әскери бөлімнің мерейтойы

Василий Турашев, ҰОС ардагері

– 52 жыл бұрын 6637 әскери бөлімі құрылды. Бөлім 6 ротадан тұрды. Ол кезде әскери қызметтің қыр сырын дұрыс білмейтінбіз. Өйткені,оларды дайындап, қоғамдық тәртіпті орнатуда қазіргідей мүмкіндігіміз жоқ еді. Қару-жарақ та аз болды.

Салтанатты жиында бірқатар офицерлер, келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилердің, қатардағы солдаттардың еңбегі еленді. Олар адал және табысты қызметтері үшін грамота және алғыс хаттар мен марапатталды. Мұндай құрметке әскери бөлімнің 40-тан астам қызметкері ие болды. Ерекше ілтипатқа бөленгендердің қатарында Арғын Адиетов бар. 6637 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон ротасының мергені-Отан алдындағы борышын өтеп жүргеніне 1 жылға жуықтапты. Бүгін ол жасөсіпірімдер арасында болатын қылмыстардың бетін ашуға септескені үшін бөлім басшысының грамотасына ие болды.

Арғын Адиетов, 6637 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальон ротасының мергені

– 2013 жылы әскерге шақыртылдым. Сол уақыттан бері қоғамдық тәртіп қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатырмын. Қоғамдық қауіпсіздікте қылмыстар көп болады. Мәселен мен нашақорлықпен айналысқан жасөспірімдерді ұстадым.

Бұл күні алғыс хаттар да өз иелерін тапты.

6637 әскери бөлім қызметкерлері өздеріне жүктелген әскери-жауынгерлік қызметті абыроймен атқаруда. Олар әрдайым қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауға, төтенше жағдайларды жою мен заңбұзушылықтардың алдын алуға барынша күш салып келеді. Биылғы жылы 100-ден астам қылмыстың бетін ашыпты. Техникалық базасы да жақсы жарақтанған. Биылғы жылы жаңадан бірқатар арнайы техникада алыныпты.

Сапартас Әбдухалықов, 6637 әскери бөлімінің шебер маманы

 

– Ресейден алынған 10 УАЗ көлігі штабтың орынбасарларына берілді. Және сарбаздарға қызметке шығуы үшін біршама көліктер берілді. Айта кетсек, 4 камаз, 2 урал машинесі.

Марапаттау салтанаты мерекелік концертке ұласты.

Ахметова Бану .