Әр түрлі

№1-ші боулинг орталығы тұрақты келушілері арасында ұтыс ойынын өткізді

Ольга Дроздецкая – “№1 Боулинг-Орталығы” ойын-сауық кешенінің директоры

– Биылғы жылы біздің ойын-сауық орталығымызға 15 жыл толып отыр. Соған орай біз қала тұрғындарына арнап ұтыс ойынын өткізіп жатырмыз. Бәйге осыменен 5 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ұтыс ойынының жүлде қоры да қомақты. Жалпы саны 150 сыйлық ойнатылады.

Ойын-сауық кешеніне жаңа және тұрақты клиенттері көптеп жиналған.

Динара Ақанова – ұтысқа қатысушы

– Қаламыздағы №1 боулинг орталығына жиі келіп тұрамын. Бүгін міне ойын-сауық кешені өткізіп отырған ұтыс ойындарына қатысудамын.

Көп ұзамай тағатсыздана күткен ұтыс ойыны да басталды. Лотореяға толы латотрон шыр айналып, сыйлықтардың иелерін бір-бірден анықтай бастады. Ең алдымен флаер, кружка, футболка сынды сыйлықтар ойнатылды. Ал одан соң 2, 5, 10, 20 мың теңгенің сертификаттары ұтысқа түсті. Бағы мен бабы қатар жанғандар қатарында кішкентай тұрғындар да баршылық.

Вадим Мажуга – ұтысқа қатысушы

– Өзім боулинг орталығына жиі келіп тұрамын. Бүгінгі ұтыс ойынында ұялы телефонға қол жеткіздім. Телефоным бар, бірақ екінші телефон артық етпейді.

Естеріңізге сала кетсек, өткізіліп отырған бәйгеге жыл басынан бері боулинг, бильярд және мейрамхана, барда қажетті соммаға тапсырыс беріп, лотерея билеттеріне ие болғандары қатысуға мүмкіндік алды. Міне осы билеттерін бүгін ұтысқа салып, бақтарын сынауда. Ойынның аты ойын, сол себепті бірі бірнеше сыйлыққа ие болса, кейбіреулерінің құр қол қайтуына тура келді. Көп ұзамай теледидар да ойнатылды. Оның иегері Наталья Родимова атанды.

Наталья Родимова – ұтысқа қатысушы

– Ұтыс ойынында біраз сыйлықтарды еншіледім. Ішіндегі ең бағалысы мына ұтқан теледидар болды. Барлық тұрғындарға осы орталықта демалыстарын өткізуге кеңес беремін.

Бәйге соңында бас жүлде моноблокқа да кезек жеткендей. Жиналғандар бағалы тұрмыстық заттың кімге бұйырарын тағатсыздана күтті. Қатысушылар арасынан таңдалып алынған лоторея иелерінің барлығы құнды техникаға қол жеткізуге ниетті. Көп ұзамай бас жүлденің иегері де анықталды.

Иван Дороженко – ұтысқа қатысушы

– Мен бұл ойын-сауық кешенінің тұрақты клиенттерінің бірі десем де болады. Қолым бос кездері, бос уақытымды осында достарыммен бірге өткіземін. Бүгін мен үшін сәтті күн болды. Бір емес, бірнеше сыйлықтың иегерің атандым. Қуаныштымын.

Ойын сауық кешені мұндай ұтыс ойындарын алдағы уақытта да өткіземіз деп отыр.

 

Бакыт Садуакасов.