Қоғам

Жасыл ел еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі болды

Абылайхан Қайроллаев- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті

– Біз ормандарды тазарттық, ескерткіштер маңн жинадық. Жалпы бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік . келешекте де жұмыс жамсағым келеді. Қаржы да табасың, жаңа достармен танысасың. Қызықты болды.

Бүгін жасыл ел жасығының жастары үшін үлкен мереке кезекті маусымының жабылу салтанаты. Үздіктердің еңбегі еленетін сәт. Шал ақын ауданының жастары бүгін «Жасыл ел- 2014 үздік жасағы» номинациясында топ жарды.

Жанна Бақаева- Жасыл ел жасағының мүшесі, Шал ақын ауданы

– Отрядта 30 адам бодлды. Солардың қажырлы еңбегінің арқасында бүгін осы номинацияны жеңіп алып отырмыз.

Жалпы аталмыш маусымда жасыл ел құрамында солтүстікқазақстандық 323 жас еңбектенген. Олардың күшімен қыруар жұмыс тындырылыпты.

Азамат Шаймерденов- «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы

– 800 гектардан астам орман тоғай тазартылып, қоқыстан арылды. 6 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Ендігі жылы біз еңбек еткісі келетін жастар қатарын арттырамыз деп отырмыз. Биыл жұмысымызға республикалық бюджеттен 12 млн теңге қаржды бөлінді.

Жасыл елдіктермен қатар студенттік құрылыс отрядтары да осы жылы жақсы еңбектенді. Оның құрамында болған 300-ге жуық жас Петропавлда тұрғызылып жатқан химия- биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі құрылысқа араласты. Жасақтың құрамында екі қолға бір күрек тапқан Александр Уваев бүгін үздік жауынгер ретінде марапатталуда.

Александр Уваев- Петропавл құрылыс колледжінің студенті

– Жақсы жұмыс істедік. Көп тәжірбие жинадым. Мен өзім жасаған насында шебер болдым. Ол мен үшін әрине қуанышты жайт.

Марапатталғандардың қатарында Жасыл елдіктердің жұмысын ақпарат айдынында насихаттап жүрген Муниципалдық телерана да болды.

Магжан Ахмадина.