Мәдениет

«Өсімдіктер мен жәндіктер» атты көрме ашылды

Марина Кормина- №1 өнер мектебінің көркемөнер бөлімінің меңгерушісі

– Өткен жылы біз «аквамир» деген көрме өткізген болатынбыз. Ал осы жылы көрмені өсімдіктер мен жәндіктерге арнап отырмыз. Мұнда қойылған картинралар 1 жыл көлемінде салынған балалардың еңбегі. Суретті салудың жаңа әдістері дудлинг, торцевание қолданылды. Мұнда 5 пен 17 жас аралығындағы балғындардың туындыларын көруге болады.

Жас суретшілердің туындылары өздерінің әдемілігімен көрмеге келген жұртшылықты сұлулық әлеміне жетелегендей. Мұнда қойылған 100-ге жуық жұмыстың әрқайсысы табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншіліктен сыр шертеді. Мұражайға келушілер бұл күні түрлі техникада орындалған еңбектерді ғана көріп қоймай, өнер мектебінің тәрбиеленушілерінің әнін тыңдады.

«Өсімдіктер мен жәндіктер» атты көрме желтоқсан айына дейін жұмыс жасамақ.

 

Магжан Ахмадина.