Спорт

№24 мектепте “Мен чемпион” спорттық жобасын таныстыру семинары өтті

Жібек Измаилова – №24 орта мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

– Бүгін біздің мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырылуда. Кездесу барысында педагогтар мекетебіміздің оқушыларының арасындағы эстафеталық ойынды тамашалайды. Онда 4-ші және 5-ші сыныптарда оқитын жасөспірімдер сынға түсетін болады.

Дәл қазір аталған білім ұясының 3 командасы өзара мықтыны анықтауда. Жарыс талаптарына сай бір құрамада 12 адам болуы қажет. Оның екеуі қосалқы құрамда. Жалпы сайыстарда қандай кезеңдер мен ережелер болатынын 20-ға жуық педагог бақылап отыр. Бүгін сынға түсетін жасөспірімдерді түрлі эстафеталар күтіп тұр.

Артём Завгородник – №24 орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі

– Жалпы сайыста 7 кезең болады. Ең алғышқысы құраманы таныстыру, ал қалған алтауы спорттық жарыс. Атап айтсақ, жаттығу, математикалық есепті шығару, үшіншісі жұптасып жүгіру, одан кейін самокатпен және скейтбордпен жарысу. Ең соңғысы әуе шарды үстел тенисіне арналған ракеткамен ұрып бір нүктеден екіншісіне жеткізу.

“Мен чемпион” жобасының бірінші кезеңі мектеп оқушыларының күзгі демалысында өтеді. Сол себепті де семинарға қатысқан педагогтар сайыстарды мұқият қарауда. Өйткені олар көп ұзамай бұл жарыстарды өз мектептерінде өткізетін болады. Ал жалпы бақ сынасқан жасөспірімдер сайысқа дән риза.

–  Маған сайысқа қатысқан ұнады. Барлығы жақсы өтті.

– Жарыста болған барлық кезеңдер ұнады. Қызықты әрі әртүрлі болды.

– Барлығы жақсы өтті. Маған өзіме скейтбордпен жарысқан қатты ұнады.

Жалпы “Мен чемпион” спорттық жобасына аудандар мен облыс орталығының 3900-ға жуық жасөспірімі өзара мықтыны анықтайтын болады. Ең әуелі мектепішілік жарыстар, содан кейін жеңімпаздар қалалықта өз бақтарын сынайды. Ал бұл жобаны облыстық кезең қорытындыламақ.

– Алғашқы ойындар облыстың барлық мектептерінде қарашаның 4-і мен 8-і аралығында өтпек. Әзірге білім ордаларында қызу дайындық жүргізілуде.

 

Риат Шони.