МТРА жаңалықтары

1-ші желтоқсаннан бастап Қазақстандықтарға жаңа жеке куәлік беріле бастайды

Бауыржан Сәдуақасов – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

– Жаңа үлгідегі куәлікте галаграфиялық сурет қабылданған. Ол куәліктің оң жағында. ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша 2003 жылы қабылданған бұрыңғы куәліктер мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қабылдана береді.

Куәлігің жаңасына ауыстыру әркімнің өз еркінде. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіп арыз жазсаңыз болғаны. Құжат бір ай уақыт көлімінде дайын болады. Бағасы да бұрынғыша, 307- теңге.

– Жасанды құжаттар азаяды. Жеке басым кцәлігімнің уақыты келгенде ғана ауыстырамын.

– Түрлі түсті фотосурет жақсы көрінеді. Осылайша азаматты бірден тануға болады.

– Жаңа құжат беріле бастайтынына қуаныштымын. Бұл халықаралық стандарттарға сай келеді деп есептеймін.

Еліміздің туы, елтаңбасы және картасы жаңа куәлікте белгіленетін болады.

Джакупов Самат.