Спорт

Тай боксынан жасөпірімдер арасында ашық чемпионатта 5 жерлесіміз жүлделі орындарды еншіледі

Александр Сапрыкин – тай боксының жеңімпазы

– Біз бұл жарысқа көп уақыт бойы дайындалдық. Негізі жекпе-жек қиын болған жоқ. Бірақ, қарсыластарым мықты болды.

Алматы қаласында өткен тай боксынан жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатта мықты деген 300-ге жуық спортшы қатысты. Тай боксшылар 42-75 келі салмақта өнер көрсеткен.

Руслан Молдыбаев – тай боксынан жаттықтырушы

– Менің ойымша, спортшыларымыз сайыста жақсы өнер көрсетті. Мен олардың жеңісіне сенген едім.

Енді былғары қолғап шеберлері, қаңтар айында муайтайдан өтетін ашық чемпионатқа дайындығын бастап кеткен. Жарыс Алматы қаласында өтпек.

Сагыныш Маркашева