Қоғам

Өңірде екі күн бойы Қазақстан мен Ресей жас депутаттарының 2-ші шекаралас форумы өтуде

Олег Толкайлов – “Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы” РҚБ төрағасы, Ақмола облысы

– Соңғы жылдары екі елдің достық қарым қатынасы қарқынды дамып келеді. Соның бір айқын дәлелі келер жылдың 1 қаңтарынан бастап үш мемлекет басшылары ратификациялаған Еуразиялық Экономикалық Одақ келісімі. Осы маңызды шартты жүзеге асыруға көршілес елдердің жас депутаттары да үлестерін қосады.

Шекаралас форум өткен жылы алғаш рет өткізілді. Оған осы жолы Ресей Федерациясының 4 аймағы мен еліміздің 4 облысы қатысуда. Жиын барысында көршілес Омбы облысының жас депутаттар палатасының төрайымы Наталья Иванова, 2015 жылы форумды өз өңірлерінде өткізуге ұсыныс білдірді. Омбылық мейман осылайша, екі жақтың кәсіпкерлерінің саударалық байланысын арттырмақ.

Наталья Иванова – Омбы облысының заң шығару жиналысының депутаты, РФ, Омбы облысы

– Сіздердің елдеріңіз әлем елдері арасында инвестиция тартуда көш бастап келеді. Сондықтан да біздің Омбы облысы сіздердің аймақтарыңызбен кәсіпкерлік саласында ғана байланыс орнатып қоймай, сондай-ақ жас депутаттардың тәжірибе алмасуларын да оң жолға қойды. Осының арқасында екі елде бірлескен жобаларды іске қосу жоспарда бар.

Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жиынға көршілес мемлекет пен біздің елімізден келген қатысушылар саны біршама артқан. Бүгінгі форумға Төлеген Нұретденұлы Қостанай облысынан ат терлетіп келген. Ол осы жиыннан үлкен өзгерістер күтеді.

Төлеген Нұретденұлы – Жангелді аудандық мәслихатының депутаты, Қостанай облысы

– Көрші елмен ауызбіршілікте, әр өңірде дамыту. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласы, әлеуметтік, жан-жағынан қосып жатқан үлесті арттыру. Осы мәселе бойынша бір-бірімізден тәжірибе алмасамыз. Сондықтан бір-біріміздің елімізде туындайтын мәселені бүгінгі пікірталас арасында шешеміз. Және де көршілес елден болып жатқан кәсіпкерлері атқарып жатқан жұмыстарын біздің елде де жүзеге асырамыз.

Кейін шекаралас форум кеңейтілген отырыста жалғасын тапты. Мұнда 35-жасқа дейінгі халық қалауларымен бірге, мемлекеттік органдардың өкілдері мен жастар да қатысып, екі жақты әріптестікті нығайтудың жолдарын қарастырды. Жалпы форум – екі ел депутаттары арасында тығыз қарым-қатынастың бекуі мен екі жақтың кәсіпкерлерін жақындатуды көздеп отыр. Сондай-ақ 2-ші шекаралас форум қонақтары облыстағы өндіріс орындарын араламақ.

Бакыт Садуакасов.