Құқық қорғау органдары

Елімізде жолда жүру ережесі мен құқықбұзушылыққа жол бермеу акциясы өтуде

Бауыржан Дарбаев – СҚО ІІД ӘПБ бөлімше бастығы.

– Акция аясында біз жастарға осындай түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мұндай жиындардың арқасында жастардың жауапкершілігі артады. Негізінен мұның бәрі қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар.

Жиынға «Нұр Отан» партиясының өкілдері, прокурорлар және білім басқармасының мамандары да қатысты. Кездесу барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жол көлік апатының салдары неге әкеліп соқтыратындығын бейнеролик арқылы көрсетті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жастарды жолда жүру заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер жайлы құлағдар етті.

Махаббат Нұралина – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық коледжінің студенті.

 

– Мен жол жүру ержесін ұйымдастыру мамандығында оқимын. Осы мамандыққа байланысты мен тәртіп бұзушылық және де тағы да басқа осы сияқты нарселерге қарсымын. Және де бүгінгі кездесу ол жасөспірімдерге қазіргі жастарға қолайлы септігін тигізеді деп ойлаймын.

Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 225 жол көлік апаты тіркелген. Салдарынан 42 азамат көз жұмыпты. Аталған акция 30-шы қазанға дейін жалғасатын болады. Тәртіп сақшылары енді осындай кездесуді ішкі істер органдарында есепте тұрған мектеп оқушылары арасында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.