Денсаулық сақтау

2 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру әдісімен 16 бала өмірге келген

Светлана Дятлова- 3 қалалық аурухананың гинекология бөлімі босану бөлімшесінің меңгерушісі

– Бұл төсек босанып жатқан әйелдер үшін де акушер-дәрігерлер үшін де ыңғайлы. Соның арқасында әйелді вертикалды қалыпқа келтіруге болады. Бұдан басқа төсекті биіктетіп, түсіруге мүмкіндік бар. Манипуляция жасауға да ыңғайлы.

Бүгіндері босану бөлімшесінде 11 нәзік жанды бар. Соңғы тәулік ішінде 5 сәби дүние есігін ашыпты. Жалпы емдеу мекемесінде жүкті әйелдерге жақсы жағдай жасалған. Сәния Ахметжанова қазанның 26-сы күні алғашқы сәбиін дүниеге әкелген. Жас ана қазір өзімнің де қызымның да жағдайы жақсы дейді.

Сәния Ахметжанов

– Палатада екі кісіден ғана. Жақсы күтім көрсетіледі. Бала жыласа, қызметкерлер бірден келіп баламен отырады. Бала жалғыз қалмайды.

Бұдан өзге мұндағылар дем алу аппаратын алған. Келешекте ақ халаттылар тағы бірнеше жаңа құрылғы келеді деп отыр.

Елена Калюжная- 3 қалалық аурухананың гинекология бөлімі бас дәрігерінің акушерлік және гинекологиялық қызмет жөніндегі орынбасары

– Қазір біз гинекологиялық бейнеқұрылғыны күтіп жүрміз. Ол жатыр паталогиясын және бедеулікті емдеуге септесетін толық бейнекешен. Ол дәрігерлерге ауруларды тереңірек зерттеп, ерте бастан емдеуге көмек болмақ. Тағы біз жатыр мойыны хирургиясына арналған аппаратты алуды көздеп отырмыз.

Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде аталмыш ауруханада 890 бала дүние есігін ашқан. Қазір репродукция бөлімшесіне 380 жұп есепке алынған. Ал экстракорпоралдық ұрықтандыру бөлімшесі іске қосылған 2 жыл ішінде мұндағы қызметкерлердің біліктілігінің арқасында бала сүюге зар болған 16 отбасының шаңырағы сәби күлкісіне бөленді.

Магжан Ахмадина.