Спорт

Жерлес шаңғышылар дайындықтарын бастап кетті

Владимир Ильин – Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері

– Бүгінде мұнда барлығы 200-ге жуық жасөспірім қысқы спорт түрімен айналысады. Шаңғы базасында жасөспірімдер аптасына 5 рет келіп жаттығады. Әзірге, қардың аздығынан шаңғымен жүріп-тұру қиындау. Қалың қар жауса, дайындықты одан әрі күшейтпекпіз.

Денис Чуманов болашағынан үлкен үміт күттіретін шаңғышының бірі. 19 жасар бозбала биатлонмен 3 жылдан бері шұғылданып келеді. Жерлес шаңғышы үстіміздегі жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында жасөспірімдер арасындағы чемпионатта жүлделі орынға қол жеткізген.

Денис Чуманов – Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі

– Мен биатлонмен жақында ғана айналыса бастадым. 3 жылдың ішінде бірталай биіктерді бағындырдым. Қазірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжде білім алудамын.

Бұл базада ұлдармен қатар қыздар да жаттығуда. Солардың бірі Арина Чищенко. Нәзік жанды биатлонмен 2 жылдай айналысып келеді.

Арина Чищенко – Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі

– Шаңғы спортына қызығушылығым бұрыннан бар болатын. Бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме көп бола қойған жоқ.

Жалпы Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық-техникалық базасы жыл санап толығып келеді. Мысалға, биылғы жылы шаңғы базасы қалың қарда жүруге арналған көлікпен және 30 дана су жаңа шаңғымен толыққан.

 

Бакыт Садуакасов.