Білім

Түркі мәдениеті күндері аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де семинар өтті

Зиябек Кабульдинов – “Халықтар келісімі” қоғамдық қорының директоры, Астана қаласы

– Ең бірінші мен Елбасымыздың салиқалы саясатына тоқталдым. Басқа елдерге қарағанда елімізде тұрақтылық пен келісім орнаған. Содан кейін этникаарылық қарым қатынастар жайлы сөз қозғадым.

Жалпы семинар бағдарламасы түрлі тақырыптарды қамтыды. Мәселен, этномәдени құндылықтардың сабақтастығы мен түркі халықтарының салт-дәстүрлері назардан тыс қалған жоқ. Жиын барысында сөз алған “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Сағындық Салмурзин түркі халықтарының әлемдік мәдениет қорына қосқан үлесі туралы баяндады.

Сағындық Салмурзин – “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы

– Қазір түркі мәдениеті өте бай. Әлемде басқа ұлт өкілдері түркі мәдениетінің дәстүрін ұстанады.

“Түркі мәдениеті аясындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбындағы семинар аясында елордалық мейман Петропавл қаласында бірнеше кездесулер өткізді.

 

Риат Шони.