Әр түрлі

Қос жанарынан айырлаған жанға қолдау көрсетілді

Наталья Бладыко- 1-ші топтағы мүгедек

– Анам 2007 жылы апатқа ұшырап жатып қалды. Содан дәрігерлер ағам екеумізге ауру адамның денесіне массаж жасауды үйретті. Содан біз төсек тартып қалған анамызды массаж арқылы мүгедектер арбасына отырғыздық. Содан мен қолымнан бірдеңе келетіндігіне сене бастадым. Алла тағала көру мүмкіндігімнен айырса да, маған осы массаж жасау арқылы ерекше бір күш дарытқан.

Қалаға көшіп келгелі мүгедек жанның баспанасы жоқ. Жалдамалы пәтерлерді көптеп ауыстырған ол жуырда қалалық әкімдікке барып өз мәселесін айтқан. Содан ондағылар нәзік жандыға пәтер жалдам тұруға көмектескен.

Наталья Бладыко- 1-ші топтағы мүгедек

– Мен қала әкіміне және басымызға түскен жайғдайға бей- жай қарамайтын жандардың барлығына ризамын. Халық қалаулылары да бірден қол ұшын созуға кірісті. Әзірге олар осы пәтердің жарты жылдық пәтерақысын төлеп берді.

«Жығылғанға жұдырық» демекші, қазір Натальяның жалғыз ұлы да ауруға шалдыққан. Дәрігерлердің оған қойған диагнозы- көздің ішкі тор қабығының пигментациялануы. Оның ендігі арманы жалғыз ұлы- Артуды дертінен айықтыру.

Наталья Бладыко- 1-ші топтағы мүгедек

– Бала мен үшін өмірімнің мәні. Сондықтан мен өзімді бақытты ана деп есептейтмін. Қазір оның дені сау болғандығын қалаймын. Егер оған уақытылы ота жасалса, көзі көріп кетеді. Сондықтан қаржы қажет. Қазір екеуміз екі жақта жүрміз. Ол ата-анамның қолында ауылда.

Әдетте оған әлеуметтік қызметкер көмектеседі. Бірақ үй шаруаларын ол өзі-ақ бір жақты етеді. Қазір Наталья Бладыко жаңа пәтерге үйреніп келеді. Десе де, ол қонақ келетінін біліп, шай демдеп, үйін жианстыруда.

Сайран Хамзин- қалалық мәслихат депутаты

– Мен Наталья жайлы әлеуметтік желілерден, теледидардан көрдім. Осындай мүгедектігі бола тұра, ол мойымай жұмыс істеп, маңдай терімен қаржы табуда. Алдағы уақытта оның өз массаж кабинетін ашуға көмектесу көзделуде.

Нәзік жандының басына талай сынақ түссе де, ол мойымай тек алға қарай қадам басады. Қазір бауыр еті баласының зағип болып қалмауы үшін қаражат жинамақшы. Өзі массаж салонында еңбек етеді. Бүгіндері Наталья массаждың сан түрін игерген. Классикалық, қытайлық нүктелі уқалауы, тіпті балалар массажын да жасайды. Жұмысы жалдап тұрып жатқан баспанадан 5 минуттық жерде орналасқан.

 

Магжан Ахмадина.