Әр түрлі

Пойыздардың жол жүру кестесі өзгерді

Ольга Желко – Оңтүстік Орал теміржолы билеттік кассасының меңгерушісі

– Қысқы тәртіпке өтуге байланысты, 60-шы, 304-ші және Омбы қаласынан келетін электр пойыздары 10 минутқа ертерек шығады. Енді, жаңа кесте бойынша пойыздардың жүру уақытына тағы 3 сағатты қосу қажет.

Вокзал қызметкерлердің айтуынша, сапарға шығарда түсініспеушіліктер туындамас үшін пойыздардың жүру кестесін сұрап алу қажет.

Ольга Желко – Оңтүстік Орал теміржолы билеттік кассасының меңгерушісі

– Кассирлер билетті жолаушының қолына беріп жатқан кезінде, пойыздың шығу уақытын, оның нөмірін, орнын хабарлайды. Жолаушылар да барлық ақпаратты солардан немесе, анықтама бөліміне жүгініп біле алады.

Ресей Федерациясының кейбір қалалары поездардың қозғалыс кестесін өзгертуден бас тартқан екен. Дегенмен, бізге жақын Омбы, Новосібір, Томск, Қорған өңірлерінде уақыт 1 сағат кейінге шегірілді.

–  Мен үшін ештеңе өзгерген жоқ.

– Мен Челябі қаласына бара жатырмын, маған кестенің өзгерісі әсер еткен жоқ.

Қазан айының 25-ші жұлдызында сағат тілінің ауысуына байланысты, “Омбы -Қарағанды” пойызы Ресей елінен Қазақстанға бір сағат ерте шыққан болатын. Жергілікті уақыт бойынша 21.45 те емес, дәл сағат 21.00-де жолға аттанды. Ендігі кезекте, бұл пойыздың тұрақты аттану уақыты болмақ.

Сагыныш Маркашева.