Білім

Өңір жастары Назарбаев Университетінде тәлім алуға ниетті

Қыздығой Джусибекова – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенті

– Мен оқуымды аяқтағаннан кейін Назарбаев Университетіне түсуді жоспарлап отырмын. Сол себепті де осы кездесуге келіп, оқуға түсу үшін қандай құжаттар мен емтихандар тапсыру қажеттігін сұрап білуге келдім.

Елордасы Астанада орналасқан Назарбаев Университеті 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. 4 жылдың ішінде білікті мамандарды қанат қақтырған білім ордасы бірқатар шетелдік жоғарғы оқу ордаларымен әріптестік жасайды. Аталған Университетте бүгінгі күні 2500 студент тәлім алады. 2014 жылы сегіз солтүстікқазақстандық осы Университеттің студенті атанды. Еліміздің беделді жоғарғы оқу орнына түсу үшін жасөспірімдер арнайы емтихандарды тапсыру қажет.

Азамат Құрманов – Назарбаев Университеті қабылдау департаментінің менеджері

– Бізге түсу үшін қараша айының ортасынан бастап қаңтар айына дейін тіркелу керек. Содан кейін қыстың алғашқы айынан бастап мамырға дейін емтихандар болады.

Жалпы Университетте үш мектеп бар. Атап айтсақ, Инженерия, Ғылым және технологиялар мен Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі. Барлық студенттер мемлекеттік грант есебінен тегін әрі ағылшын тілінде тәлім алады.

Азамат Құрманов – Назарбаев Университеті қабылдау департаментінің менеджері

– Оқудың барлығы мемлекеттік грант есебінде тегін. Бұның ішінде жатақханада тұру мен тамақтануда кіреді.

Назарбаев Университетінде 2014 жылдан мемлекеттік грант бойынша енді 500 емес 550 студент білім ала алады.

Риат Шони.