Денсаулық сақтау

Облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Юрий Пузиков- СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Респираторлық ауруларға шалдығудың көрсеткіші қалыпты нормадан 2 есе төмен. Ағымдағы жылдың қазан айынан тұмаумен ауыратындар да тіркелмеді. Жоспарлы иммундау шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 52 мыңнан астам солтүстікқазақстандық егу шараларынан өтті.

«Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын ізде» деген қағиданы ұстанған тұрғындар болса, тұмаудың алғашқы белгілері пайда бола қалғанда-ақ, дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн дейді.

– Ауырғанда бірден ауруханаға барамын. Ересек адамдармыз, сондықтан өзімізді күту керек.

– Спортпен айналысамын, сондықтан вирустардан сақпын. Бірақ әрине егер ауыра қалсам, бірден дәрігерге барамын. Ол керекті дәрі- дәрмекті жазып, қалай емделу керектігін айтады.

Сондай-ақ тұрғындарды ақылы түрде егу шаралары жалғасуда. Ақылы вакциналаудан өткен солтүстікқазақстандықтардың саны бүгінде 2995 адамды құрап отыр.

Магжан Ахмадина.