Салық басқармасы

Еліміз бойынша жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы жалғасып жатыр

Лилия Әбілева – Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы

– Мүлікті заңдастыру келер жылдың 31-ші желтоқсанында аяқталады. Егер де, азаматтардың шетелде дүниелері бар болса, құжаттарын бізге тапсырғандары жөн. Өйткені, тапсырыс мерзімі келер жылдың 30-шы қарашасында аяқталатындығын еске саламыз.

Жылжымайтын мүлікті заңдастыруға өтініш берген азаматтың құжаттарын – салық органдарындағы арнайы құрылған комиссия мүшелері 30 күн ішінде қарастырады. Оған керекті құжаттар тізімі мынадай.

Лилия Әбілева – Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы

– Ол үшін азаматтарда – мүлікті заңдастыруға арналған өтініш пен жеке басын куәландыратын құжаты болуы шарт. Оған қоса елімізден тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік нысанына құқық беретін құжаты да қажет. Егер де мүліктің бағасы шетелдік валютамен көрсетілсе, заңдастырылған уақытта нақты курс бағамына сәйкес теңгеге аударылады.

Республикада бастау алған акция арқылы мемлекет жерлестеріміздің шетелде жасырын сақтап келген қаржысын елге қайтарып, отандық экономиканы нығайтуды көздеп отыр. Дегенмен де, өңірімізде әзірше бұндай өтініш берген бірде-бір азамат тіркелмепті.

 

Бакыт Садуакасов.