МТРА жаңалықтары

Білім алуға тиімді салым

Гүлнәр Алпысбаева – “Қаржы институты” АҚ менеджері, Астана қаласы

– Бұл мемлекеттердің салымшылары материалдық көмек ретінде түрлі субсидиялар мен салық жеңілдігін алады. Ал бізде жиналған қаржыға сыйақы тағайындау қарастырылған. Бұл сыйақылардың жылдық үстімесі 5 пайыз, ал ата-ана қамқорынсыз және жетім, мүгедек, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үшін 7 пайызды құрайды.

Салымшыларға мемлекет сыйақысынан бөлек банктен де ақы төленеді. Салым бойынша банктің сыйақы төлемдері 8-ден 10 пайызға дейін қарастырылыпты. Қазақстандық азаматтар білім беру жинақтау жүйесін 4 банкте аша алады.

Гүлнәр Алпысбаева – “Қаржы институты” АҚ менеджері, Астана қаласы

– Депозитті ашқанда бастапқы жарна төленеді. Оның ең төменгісі 3 АЕК-і құрайды, яғни 5556 теңге. Жинақтау мерзімі 3-тен 20 жылға дейін. Депозитті ашу үшін баланың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Сәби дүниеге келгеннен бастап ата-анасы депозит ашып, оның болашақта алатын біліміне қаржы жинақтай беруге болады.

Мемлекет барлық жинақтарға кепілдік береді. Өскелең ұрпақтың болашақта білім алуына мүмкіндік беретін салымдарды ата-аналармен қатар өңір педагогтары да құптап отыр.

Рахметдулла Есенбердин – СҚ КПК оқытушысы

– Балалар білім алғанда бірден төлемақы төленбей, ақырын жыл сайын біртіндеп төленеді. Менің ойымша, бұл жақсы бағдарлама. Бұны барлық қазақстандықтарға қолдануға кеңес беремін.

Айта кету керек, егер салымшы жинаған қаржысын білімге емес басқа мақсатта жұмсағысы келсе, онда мемлекеттік сыйақылар төленбейді.

Риат Шони.