Ауыл шаруашылығы

Астық бағасы біршама өсті

Серік Қажағанов – «ХПК Петропавл-Астық» ЖШС директоры.

– Бүгінгі күні элеватор тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қазір бізге Есіл, Қызылжар, Мамлют, Мағжан Жұмабаев сынды аудандардың шаруашылықтары астықтарын жеткізіп жатыр. Біз өнімнің ылғылдығына қарамаймыз. Себебі элеваторда сағатына 102 тонна астық кептіретін кептіргіш бар.

Биыл ауа – райының қолайсыздығына байланысты азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайды сатып алу бағасын біршама көтеріп отыр. Мәселен 3-ші сұрыпты сары алтынның бір тоннасының құны қазір 42 мың теңге. Мұндай баға шаруаларға, өз міндеттемелерін уақтылы жабуға мүмкіндік береді. Дей тұрғанмен, қазір бидай өткізіп жатқан аграрилердің қатары аз. Айта кету керек, үстіміздегі жылы ұлттық компания 4-ші және 5-ші сұрыпты бидайды да сатып алуға кірісті.

Рустам Жанатаев – «Азық-түлік келесімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры.

– Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бүгінгі күні диқандар сапалы астықты жинай алмай отыр. Сондықтан, азық-түлік келісімшарт корпорациясы 4-ші және 5-ші кластағы бидайды да сатып алуда. 4-ші сұрыпты бидайдың құны тоннасына 35, ал бесінші сұрыптысы 30 мың теңге. Сондай-ақ арпаның да бағасы өсті. Ол да 30 мың теңге болды.

Қазір өңірімізде 50-ден астам элеватор астық қабылдап жатыр.

Джакупов Самат.