Құқық қорғау органдары

4 күннің ішінде 1500-ден астам жүргізуші жолда жүру ережесін бұзған

Аян Самигуллин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы

– Ел аумағында жүрген шетелдік жүргізушілердің жолда жүру ережелерін, сонымен қатар, кедендік заңнамаларды бұзу фактілері тіркелуде. Заңды елемеген шетелдіктердің мұндай әрекетері жол-көлік апатына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шара барысында инспекторлар шетелдіктер ғана емес, жергілікті жүргізушілер де заң бұзушылықтарға жол беріп жатқандығын анықтады. Нәтижесінде 4 күннің ішінде облыс жолдарында 1552 темір тұлпардың иесі жолда жүру ережелерін елемегені үшін тоқтатылды. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарған 53 жүргізуші ұсталды. Жылдамдықты асырған 147-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпаған 317, телефонмен сөйлескен 236 жүргізушіге де тиісті жаза қолданылған. Мұндай заң бұзушылыққа жол берген шетелдіктер де баршылық.

Аян Самигуллин – СҚО ІІД әкімшілік полиция

– “Транзит” алдын алу шарасы барысында 4 күннің ішінде жолда жүру ережелерін елемеген 164 шетелдік жүргізуші ұсталды. Оның 3-еуі көлікті мас күйінде тізгіндеген.

Шараға әкімшілік полицейлердің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Акция аяқталғанмен тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырмақ. Қуантарлығы, “Транзит” алдын алу операциясы барысында шетелдік жүргізушілердің қатысымен ешбір жол көлік апаты тіркелмеген.

Ахметова Бану.