Бизнес және экономика

3 ескерткіш күміс монеталары айналымға шықты

Ескендір Сүлейменов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы

– Бұл монета 1993 жылғы үлгідегі банкнота, номиналы 10 мың теңгелік банкнотада Шоқан Уәлихановтың портреті бейнеленген. Бұл монета 925 сынамалы күмістен жасалынған. Оның да салмағы 31,1 грамм болып келеді. Сатылу бағасы 9500 теңге.

Ал екіншісі Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары монеталар сериялы “Көкпар” ескерткіш монетасы. Бұл монетаның сырт жағында ауыл бейнесінің аясында “Көкпар” ұлттық ат ойыны мен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін аңғаруға болады. Аталған сөлкебайдың жалпы таралымы 3 мың дананы құрайды.

Ескендір Сүлейменов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы

– Бұл монетада Қазақстанның ұлттық ойыны бейнеленген. Ат ойыны. 925 сынамалы күмістен жасалған. Оның салмағы 31,1 грамм. Сатылу бағасы 9500 теңге.

Қаржы институтының келесі бір жарыққа шығарған сөлкебайы – Қазақстанның қызыл кітабы монеталар сериясындағы “Сабаншы” ескерткіш монетасы. Оның сырт жағында қамыс қопасындағы “сабаншы” мысығы бейнеленген. Сатылымға монетаның 100 мың данасы шығарылмақ.

Ескендір Сүлейменов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы

– Бұл монетада көлемі үй мысығындай мысық тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі “Сабаншы” бейнеленген. Бұл монета 925 сынамадан жасалынған. Оның салмағы 31,1 және сатылу бағасы 10700 теңгені құрайды.

Ел азаматтары жақында шығарылған сөлкебайларды – еліміздегі Ұлттық Банктің барлық филиалдарында сатып алуларына болады. Қаржы ұйымы жақын арада ескерткіш монеталардың тағы бір легін жарыққа шығармақшы.

 

Бакыт Садуакасов.