Тамара Манцуровская, “Қазпошта” АҚ СҚОФ пошталық технологиялар бөлімінің жетекшісі
– Егер сәлемдеменің келіп түскенін хабарлағаннан кейін де алып кетпеген жағдайда екі аптадан соң осында сақталған зат үшін ақша төлейсіз. Яғни күніне 300 теңге. Клиенттер сәлемдемелерін дер кезінде алып кетуі керек. Өйткені, мұнда келіп түсетін хат-хабарламалардың саны көп.
Жіберілген хат-хабарламада иесінің телефоны көрсетілсе, мұндағылар дер кезінде сәлемдемелердің келіп түскенін хабарлайды. Жіберілген заттарды әзірге солтүстікқазақстандықтар дер кезінде алып кетуде дейді мұндағы операторлар.
Айта кету керек ағымдағы жылдың 1-ші қазанынан пошташылар түскі үзіліссіз жұмыс істеу режиміне көшті. Сондықтан тұрғындар сәлемдемелерін таңғы сағат 9-дан- 18-00-ге дейін алып кетулеріне болады. Кейбір бөлімшелер кешкі сағат 7-ге дейін жұмыс істейді.
Ахметова Бану.