Құқық қорғау органдары

Қылмыспен күресті тиімді ету

Ғалым Байжанов, СҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы

-Екі жақты әріптестік қарым-қатынас жақсы жолға қойылса, қылмыстардың бетін ашуда өте тиімді болмақ.

Сондай-ақ жиында келер жылдан заңды күшіне енетін қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік кодекстер жайында да айтылды. Бұл түрлі қылмыстардың бетін ашып, оған сараптамалар жүргізу, халықты тыныштығын толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары осы жаңа заңмен жұмыс істемек. Мамандар мұндай жаңашылдық полицейлер мен сараптамалық мекемелерінің қызметтерін одан әрі дамытуға серпін береді дейді.

Александра Клименко, СҚО психоневрологиялық диспансерінің сарапшысы

– Мұндай кездесулерді жиі өткізу керек. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, бірігіп шешуге тырысамыз. Өйткені біріге көтерген жүк жеңіл болмақ.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар әріптестік қарым-қатынас орнатуға бағытталған меморандумға қол қойды.

Ахметова Бану.