Спорт

Петропавлда “Жас барыс” сайысы өтті

Нұрдәулет Жакимов – жарысқа қатысушы, Жамбыл ауданы

– Мен бұл жарысқа екі айдай дайындалдым. Қарсыластарым осал емес, барлығыда мықты. Дегенменде жеңіс тұғырынан көренемін деген үміт бар.

Жалпы 14-тен 19 жасқа дейінгі палуандар 3 жас ерекшелігі бойынша өзара жарысты. “Жас барыс” атануға үміттенгендер боз кілемде өз жаттығуларының нәтижесін көрсетуде. Жамбас, бүк, қарсыласын майыса лақтыру әдістері доданы тамашалауға келген жұртты ерекше әсерде қалдырды. Дегенмен, бұл аталған әдістерді әр палуан қарсыласына орындата бермейді. Өз ауданының намысын қорғауға жиналған мықтылар, бір-біріне дес берер емес. Өйткені, бір-ақ палуан жеңімпаз атанады.

Бақытжан Құлжанов – СҚО күрес федерациясының президенті, спорт шебері

– Күрес федерациясының мақсаты палуандардың күреспен шұғылдануына жағдай жасап, келешек патриотты ұрпақты тәрбиелеу.

13 ауданның басын біріктірген палуандар додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздардар медаль, грамота және де кубоктармен марапатталды. Ал бұл сында топ жарғандар өңір намысын қараша айында Павлодар қаласында өтетін “Жас барыс” республикалық сайысында қорғамақ.