Қоғам

Киелі құстарды мұздың құрсауынан құтқару

Андрей Морозов – СҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің сүңгуір құтқарушысы

– Құстарды ұстау қиын. Бізден қашады. Мұзда әлі дұрыс қата қоймаған, жұқа болғандықтан, ойылып кетіп жатыр. Бірақ соның өзінде оларды мұздың құрсауынан құтқарып жатырмыз.

Мамандар құстардың бұлай теріскейде қалып қоюының себебі – олардың кеш туғандығында дейді. Яғни, киелі құстар балапандарын кешеуілдетіп басып шығарады. Ал олардың қанаттары уақытында қатып үлгермегендіктен ұшып кете алмай, осындай жағдайларға тап болатын көрінеді.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының инспекторы

Су айдындарында мұндай жағдайлар жыл сайын тіркеледі. Белгісіз себептерге байланысты құстар кеш туады. Соның салдарынан олар осы жақта қалып, аяздардың құрбанына айналып жатыр.

Өңір құтқарушылары мұздың құрсауынан аман алып қалған аққуларды ботаника бағында күтіп, баптамақшы.

 

Риат Шони.