Денсаулық сақтау

Ел көлемінде тұрғындарды емханаға қайта тіркеу науқаны жүріп жатыр

Айнагүл Сауытбекова – Петропавл қаласының тұрғыны.

–  Жалпы маған бұл емхана маған өте ұнайды. Өйткені мындағы қызметкерлер тиянақты, ұқыпты. Мына тіркелу орнында да кісі көп болмайды. Ұнағасын осында тіркелуді ұйғардым.

Елімізде емханаларға азаматтарды тіркеу 2011 жылдан бастап үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында облыс орталығындағы нөмірі бірінші емханаға 51 285 адам тіркелген екен. Биылғы науқанның өзінде мыңнан аса азамат осы медициналық ошақты таңдапты.

Жанна Сәдуақасова – №1 қалалық емхананың аға медициналық тіркеушісі.

– 15-ші қыркүйектен бастап тіркеу компаниясы басталғаннан бері 1285 адам тіркелді. Ол үшін біз жеке куәлігінің көшірмесі екі түрде және өтініш жазады. Оны біз сканерден өткіземіз де РЦРЗ компаниясына жібереміз. Ол үш күн ішінде қарастырылады.

Емдеу мекемесіне ғаламтор арқылы да тіркелуге болады.

Наталья Пакетова – СҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі.

– Ешқайда шықпай-ақ Е-GOV Үкімет порталы арқылы емханаға тіркелуге болады. Егер басқа өңірден көшіп келген азаматтар болса 15 қарашаға дейін өздері таңдаған емханаға тіркелулері қажет. Өйтпеген жағдайда ол азаматқа медициналық қымет тегін көрсетілмейді.

Айта кету керек азамат бір емханаға жылына бір рет қана тіркеле алады.

Джакупов Самат.