Без категории

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл толуына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды

Зылиха Бимақанова – СҚМУ тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті

 

– Жалпы бұл соғыстың басталу себебі – дүниежүзін қайта бөліске түсіруге ұмтылған империялистік елдердің мақсаты болатын. Оның ішінде Ресей империясы да өзінің үлесін алып қалу үшін және империя аумағына кірген елдердің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін басталған соғыс болатын. Әрине, бұл жағдай сол кездегі саяси ахуал, әлемдік деңгейде әр мемлекеттің өзінің көздеген мақсаттары болатын.

Конференцияға жиналғандарға оқушылар барлығы 15 баяндаманы назарларына ұсынды. Солардың бірі “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы Руслан Қалиахметов, “Шығыс Пруссиядағы орыстардың ерлігі” тақырыбында баяндамасын таныстырды. Ол қазіргі уақыттағы әлем мемлекеттері арасындағы болып жатқан қақтығыстар мен теке-тірестерге алаңдаулы.

Руслан Қалиахметов – “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы

– Бұл соғыс Ресей империясы мен Германия мемлекеттерінің үлкен қақтығысы десе болады. 4 жылға жалғасқан соғыста екі жақтан да қаншама адам қаза болды. Менің баяндамамда Ресей империясының жауынгерлері көрсеткен ерлік туралы айтылады. Әрине, барлық ақпаратты толықтай қамту мүмкін емес. Дегенмен де баяндамада оқиғаларды ықшамдап ұсынуға тырыстым. Бұл мәліметтердің барлығы соғыстың зардабын түйсініп, одан бас тартуға септеседі деген ойдамын.

Жалпы ғылыми конференцияға келген оқушылар бірінші дүниежүзілік соғыс жайында тың мәліметтер алдық, – деп отыр.

– Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты көп мәлімет білемін деп айта алмаймын. Бірақ бүгінгі отырыстан өзіме біраз маңызды ақпарат алдым”.

– Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы алғаш рет тарих сабағында танысқан болатынмын.

Бакыт Садуакасов.