МТРА жаңалықтары

Балғын каратэшілер білек түрді

Асқат Сақыпкереев – СҚО каратэ федерациясының президенті

– Қазанның 25і мен 26сында каратэ WKF-тен облыстық чемпионат өтіп жатыр. 50 шақты адам қатысып жатыр. Кеше менбі күні жарыс катадан болды. Бүгін кумитэден болады. Бұл енді қараша айының 8-9 арасында Астанада Қазақстан чемпионаты өтеді соған дайындық ретінде өтіп жатыр.

Белдерін көк, қызыл, белбеумен буған 6 мен 13 жас аралығындағы жастар бұл спортта өздерін әлі танытып үлгермеген, бірақ әрбірі келешектерінен зор үміт күттіреді. Бүгін “кумитэ” бөлімі бойынша 1-орынды иеленген небарі 6 жастағы қызыл белбеулі балғын Санжар Рамазан өзінің алғашқы сынағынан сәтті өтті.

Санжар Рамазан- Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі

– Менің каратэға қатысқаныма 1 жыл болды. Бүгін жеңімпаз атандым.

Ката бағыты бойынша 8-9 жас аралығындағы жас каратешілер арасындағы бәсекеде ақтық сынға шыққан Ұлхан Ерғали жеңіске жетсе, оның қарсыласы болған көк белбеулі Повел Фоминых үшін бұл жолғы сайыс сәтсіз аяқталды.

Павел Фоминых- Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі

–  Бүгін маған жеңіс бұйырмады, бірақ мен бұнымен тоқтап қалмаймын. Келесі жолы міндетті түрде бұдан жақсырақ өнер көрсететін боламын.

Сайыс нәтижесінде “ката” жаттығулары бойынша Ұлхан Ерғали, Валерий Титоренко, Нұридден Смағұлов, “кумите” бағыты бойынша Жасұлан Жақсымбетов, Руслан Акматов, Данил Лямкин, Егор Евченко, Тұрлыхан Талапкеров жеңіс тұғырына көтерілді. Аталғандардың барлығы дерлік спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Жеңімпаздарға медальдар мен алғыс хаттар тапсырылды. Олар алдағы күндері Республикада облысымыздың намысын қорғамақ.

 

Акбопе Танирбергенова.