Мәдениет

Жаңа қойылымның тұсаукесері

Жаклин демалыс күндері анасының хал-жағдайын біліп қайтпақ болады. Бернар сәтті пайдаланып көңілдесі Сюзаннаның туған күнін досы Роберт үшеуі атап өтуді жоспарлаған. Алайда Жаклин көңілдесінің келетінін біліп, үйде қалады. Әйелі еш нәрсені сезіп қалмас үшін Бернар қонақтарына түрлі рөлдерді бөліп береді. Өзінің көңілдесі болып жүрген фотомодель күтпеген жерден досы Роберттің сүйетін қызына айналады. Бұл шиеленіскен қойылымның барлық соңғы нүктелерін аспазшының күйеуі Джордж қояды. Эпизодтық рөл болса да ең маңыздысын ойнаған Руслан Закиров үшін бұл дебют болды.

Руслан Закиров – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері

– Мен сомдаған рөл эпизодтық болса да оқиғаға соңғы нүкте қояды. Жұбайым аспазшы, ол ауқатты отбасылардың үйінде ас әзірлейді. Жұмыс уақыты бітіп оны алып кетуге келемін. Бар мән-жайды білмеген мен жұбайым қайда деп сұраймын. Олар бұл тығырықтан шығу үшін өтірік айтуға барады.

Отбасылық құндылықты құрметтей алмаған жұптың өміріне құрылған қойылым көрерменнің көңілінен шықты.

– Маған қойылым ұнады. Көңілімнен шықты. Барлық әртіс өз рөлін жоғары деңгейде ойнап шықты.

–  ер. Спектакль тамаша. Маған Бернардың досы Роберттің рөлі ұнады. Тығырыққа тірелген досын құтқарды.

– Барлығы керемет, тамаша. Әртістер сахнада бір-бірін сезінеді. Маған барлығы ұнады.

Риат Шони.