Ауыл шаруашылығы

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға арналған республикалық форум

Біздің өңір мен өзге облыстардан келген қонақтардың бірінші кезекте осы жерде басқосуы тегін емес. “Ахмутдинов” ЖК-гі – аймақта орман шаруашылығымен айналысатын іргелі кәсіпорындардың бірі. Мұнда терең өңделген 50-ден астам ағаш өнімі шығарылады. 11 жыл бұрын құрылған кәсіпкерлікте уақыт өткен сайын техника мен технологиялар үздіксіз жаңартылып тұрады. Мынау немістің ұсақтағыш машинасының құны – 3 млн теңге. Ол бір сағаттың ішінде ағаш қалдықтарының кемінде 13 текше метрін турап береді.

Сермұхамет Оралұлы – “Ахмутдинов” ЖК басшысы

– Біз жұмыс істеп жатқан салада “безотходная технология” дейді, былай айтқанда, қалған ағаш қалдықтарын үлкен дробилкамен ұсақтап береді. “Иенсен” деген неміс компанияның өкілдерімен келісім шарт жасасып, бүгін оны әкеліп, жұмысқа қосып жатырмыз. Сөйтіп, пеллет жасаймыз деп отырмыз.

Келешекте осы бағыттағы өндіріс кеңейтілмекші. Келер жылы қызулығымен көмірден де кем түспейтін еуроотын шығаратын зауыт ашылмақ. Бүгінде оған қажет құрал-жабдықтардың 20 пайызы алынған. Форум аясында өткен көрмеде тағы бір озық техника таныстырылды. Мына машина биіктігі бір метрден жоғары болатын көшеттерді өзі қазып, өзі егеді.

Сермұхамет Оралұлы – “Ахмутдинов” ЖК басшысы

– Бұрын қолмен қазып, әкелген бір метрден биіктеу ағаштарды өзіміз отырғызатынбыз. Ол кейде жерге сіңбей, өнімдері өспей қалатын. Енді, сол манағы неміс компаниясының техникасы көшетті топырағымен бірге қазып алып, кере кжерге өзі отырғызады.

Жиында солтүстікқазақстандық өзге орман пайдаланушылар да тәжірибелерімен бөлісті. Олар басқа облыстардан келген кәсіпкерлерге ағаш өңдеудегі өздерінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Қанатбек Зауырбеков – Жамбыл облысы аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы

– Кәсіпорында таныстырылып жатқан техникалар тамаша екен. Бізде сіздердегідей қалың ормандар жоқ. Бізде сексеуіл өседі. Табиғаттарыңыз тамаша екен.

“Ахмутдинов” ЖК-гінің өнімі ел көлемінде жоғары сұранысқа ие. Енді, кәсіпорын басшысы мемлекеттің бизнес қауымына көрсетіп отырған зор қолдауын пайдаланып, Ресей нарығына шығуды жоспарлауда. Тіпті, бүгіннің өзінде шекаралас облыстардан табыскер азаматтың тауарына қызығушылық оянуда.

 

Данаш Хамзина.