Билік

Петропавлда алғаш рет «Орманшылар форумы» өтті

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызу арқылы жасыл ел құруға шақырады. Бүгінде елімізде ормандармен орман шаруашылықтарын дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Орман шаруашылықтарында инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаңашылдықтар қолға алынған. Олардың материалдық-техникалық базасы нығая түскен.

Орман шаруашылығы ел экономиканың бір саласы болғандықтан, осы бағыттағы жаңашылдықтарды дер кезінде меңгеру орманшылардың басты міндеті болып табылады. Бұл ретте Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы вице – министрі Ерлан Нысанбаев осы саланың мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ерлан Нысанбаев – ҚР ауыл шаруашылығы вице – министрі.

– Бұл бағыттағы шаруаларды әлі де жетілдіре түсу керек. Жыл сайын орманды қайта өңдеу бойынша сараптама жүргізіледі. Жасыл желектерден айырылып жатырмыз. Соңғы кезде ағаштарды заңсыз кесу де көбейді. Бірақ, оның орнын толтыру жағы көңіл көншітпейді. Сондықтан бұл бағытта жұмыстарды жандандыруымыз қажет.

Қазір ел бойынша орман саласында кәсіби мамандар тапшы. Ол жалақының аздығынан дейді, Сакен Сейфулин атындағы қазақ ұлттық агротехникалық университетінің професссоры – Дани Сәрсекова.

Дани Сәрсекова – С.Сейфулин атындағы қазақ ұлттық агротехникалық университетінің ауыл шаруашылығы ғылымдары кафедрасының меңгерушісі.

– Кадр мәселесі орман шаруашылығында үлкен мәселе деп ойалаймын. Лесхозға ешқандай жағдай туғызылмайды. Соған байланысты жас кадрлар осы салаға бармайды. Біздің агротехникалық унивеситетті айтсам, 156 бала оқиды. Жылына 30-дан аса түлек шығарамыз.

Жиын барысында сөз алған облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Садуақасов, қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы саласының қызметкерлерінің күні етіп белгілеуді ұсынды. Бұл мәселе болашақта жоғары жақта қарастырылатын болады. Сондай-ақ форум жұмысы барысында Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы және орманды қайта өңдеу қауымдастығының үйлестіру кеңесіне мүшелікке 9 азамат өтті. Жиын соңында өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңіріп жүрген 4 азаматқа облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Тағы бірнешеуі министрліктің наградаларына ие болды.

Мереке Құрманғалиев – «Булаев»мемлекеттік орман мекемесінің директоры.

– Еңбегімізді елеп, мына ауыл шаруашылығы министрінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің атынан құрмет грамотасымен марапттап жатыр. Өз атымнан комитет басшылығына, облыс басшылығына еңбегімізді марапаттап елегендеріне көп рахмет айтамыз.

Бұдан соң мәдениет үйіне жиналған көпшілікке шаһар өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермен қауым ән-жырға кенелді.

Джакупов Самат.