Көлік және жолдар

Петропал маңында көліктер жүретін жаңа жолайырық ашылды

Алмаз Ыдырысов – “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ басшысының орынбасары

– Бұл жол айырығы “Астана-Петропавл” жобасы аясында салынды. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазір осы өтетін жолды ашқалы жатырмыз. Нысанның жалпы құны 986 млн теңгені құрайды.

Бұл – өңірде салынған осындай алғашқы жол айырығы. Оның салтанатты ашылуына жиылған қауымды “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының жергілікті өкілдері мен “КAZPACO” деп аталатын мердігер компанияның қызметкерлері құттықтады. Бұдан кейін сайрап жатқан жаңа жолдың үстімен сапарға шыққан көліктердің бірінші легі жүріп өтті.

Төлеген Нүркеев

– Астанаға кетіп бара жатырмыз. Осындай жолдың ашылғанына шексіз қуаныштымыз.

Нысан барлық талаптарға толығымен сай әрі түнде жарықтандырылады.

Ерлан Божкенов – “КAZPACO” ЖШС жоба жетекшісі

– Көпірдің үстінің өзі – 73 метр. Конструктив бойынша бұл жерде 38 метрлік балғалар салынған. Қауіпсіздігі жағынан көпір осьқа түсетін салмақ – 30 тонна.

Енді, Петропавлдан Астанаға беттегендер жолдың үстімен, ал Жезқазғанға бара жатқандары көпірдің астымен өтеді.

Данаш Хамзина.