Билік

Облыс әкімі элеваторларда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Диқандардың қиындық көріп отырғаны жасырын емес. Құрылғылар мұндай бидайды қабылдауға арналмағандықтан, көп ретте бітеліп қалады. Сәйкесінше, ол бидайды қабылдау мен кептіру уақытын тоқтатады. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов диқандармен кездесу барысында қозғалмалы кептіргіш агрегаттарын сатып алуды ұсынды. Сондай-ақ, аймақ басшысы өнімді қабылдау мен кептіру барысында басқа да элеваторлардың көмектесе алатындығын жеткізді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Петропавлдағы «ТНС» элеваторында бос орындар бар. Кептіргіштері де жаңа, қуатылығы жоғары. Соның көмегіне жүгінулеріңізге болады. Негізі ауылшаруашылығы қашан да басты назарда. Сондықтан, қандай да бір сұрақтарыңыз болса, айтыңыздар.

Ерік Сұлтанов сырттан тартылған қаражаттың арқасында бой көтеріп жатқан «Икея – Тас Групп» ЖШС болды. Нан қабылдау пунктінің қуаттылығы 30 мың тонна. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. «Қиялы Астық» элеваторы тәулігіне 1000 тоннаға дейін өнім қабылдауда. Ондағы кептіргіштердің барлығы жұмыс істейді. Бидай ылғалдылығы 25%-дан жоғары. Қазіргі таңда үшінші сұрыпты бидайдың 800 мың тоннасы қырмандарда жатыр. Жұмысшылар бидайды машиналарға қолмен тиеуде.

Самат Қожамкелов – «Қиялы-Астық» ЖШС директоры

– Түрлі сападағы бидайды қабылдаймыз. Ылғалдылығы жағынан шектеу жоқ. Екі кептіргіш жұмыс істейді. Жанар жағар май жеткілікті. Бірінші ретте ылғалдылық 30 дан 14 пайызға дейін төмендейді. Басқа құрылғылар мұндай көрсеткішке екі-үш рет салғаннан кейін ғана қол жеткізеді.

Бидайды кептірмес бұрын, оны зертханаға жібереді. Мамандар оның ылғалдылығы мен құрамын анықтайды.

Светлана Дерр – «Қиялы-Астық» ЖШС зертханашы-технигі

– Жаз бойы жауын көп жауды. Күз де жаңбырлы болды. Сондықтан, тсүкен өнімнің ылғалдылығы жоғары. Кейде арнайы құрылғымен кейде қолмен іріктейміз.Алдын ала бидайдың сапасын, ылғалдылығын анықтаймыз. Ылғалдылық деңгейі оның сапасына тікелей байланысты.

Биылғы жылы өңірімізде 50-ден астам элеватор астық қабылдауға даяр. Жанар-жағар май мәселесі жоқ. Қалыптасқан жағдай облыс басшылығының жіті бақылауында.

Магжан Ахмадина.