26 қазан- жүргізушілер күні

Қоғам

16:14 24 Қазан 2014

Айжан Большина- «Аврора- Транссервис» ЖШС автобус жүргізушісі

– Мен кандуктор болып бастағанмын. Кейін категорияға оқып алдым. Троллейбус жүргізушісі болып 3 жыл істедім. Оларды бағыттардан алып тастағалы бері, жұмыссыз отырдым. Кейін тиісті категорияға оқып алып, автобус жүргізушісі атандым. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалпы ең алғашында көлікті басқаруды атам үйреткен болатын. Сондықтан бұл іс жаныма жақын.

35 жастағы Айжан сүйікті ана. Қазір бір ұл тәрбиелеп отыр. Ол анасының ерлер атқаратын жұмысты тындырып жүргенін мақтан тұтады. Әріптестері де оны білікті қызметкер ретінде бағалайды.

Александр Куликов- Айжанның әріптесі

– Жауапкершілігі көп жүргізушісі. Тәжірбиесі мол. Әрине көлігі сынып қалса, көмек қолын созамын. Одан да үйренетін нәрсеміз көп.

Мұндағылардың жұмысы таңғы 6-да басталады. Сондықтан бағытқа шығардың алдында олар көліктерінің техникалық жағдайын тексеріп шығады. Айжан Большинаның айтуынша, алғашында жолаушылар ерекше таңданыспен қарайтын дейді. Қазір барлығының еті үйреніп кеткен.

– Барлық жүргізушілер сияқты. Оған еш таңдануға болмайды. Қазір көлік жүргізетін әйеледер көп қой. Сондықтан таңдануға болмайды.

– Барлығы жүргізуші куәлігіне бірдей оқиды ғой. Сондықтан қорықпаймын. Тәжірибесі мол адам болса болғаны.

Елімізде 26 қазан жүргізушілер күні. Айжан болса, кәсіби мерекесін жұмыста қарсы алады.

Магжан Ахмадина.

Бұдан әрі оқыңыз

Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
“Харекет” қайырымдылық қоры 158-ші баспана сыйлады
“Ауыл әкімі болғым келеді” атты байқау өтті
Солтүстікқазақстандық жастар пікірлерімен бөлісті
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылып келеді
Атаулы әлеуметтік көмек жүйесіндегі өзгерістер
Петропавл тұрғыны жұмбақ жағдайларда қаза тапты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
«Малыш» бөбекжай-бақшасына – 50 жыл
Шаһарда заманауи шығармашылық фестивалі өтті