Қылмыс

Зейнеткерлерге қарақшылық шабуыл жасаған топ құрықталды

Жәбірленуші.

-Тонаушылардың екеуі де қоқан лоққы танытып, үйде бар ақшаны сұрады. Өзімізде ол азын аулақ ғана еді. Жолдасым жүректен ауырады. Менің зейнетақым күн көріске ғана жетеді. Аяғында олар бізді байлауға ұйғарды. Келіспеп едім, маған олар қол көтерді.

Осылайша қарақшылар қариялардың алты мың теңгесін қолды еткен. Кетерлерінде ұрылар зейнеткерлердің қолдарын байлап, телефон сымдарын үзіп тастаған. Кейуана бұзақылардың торынан босап шығып, “102” кезекші пультіне ұялы телефоннан хабарласқан екен.

Жеңіс Темірбеков – Мамлют аудандық ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі.

-Оқиға болған жерді қарау барысында, осы қылмысқа қатысты дәлелдемелік заттар жиналды. Сондай-ақ ішкі істер басқармасының және ішкі істер бөлімінің криминалдық полияция қызметкерлерінің біріккен және жедел қызметінің нәтижесінде нақты қылмысты жасаған азаматтар ұсталды.

Сезіктілер – 30 бен 40 жастағы Мамлют ауданының тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында олардың біреуі қарақшылық жасағаны үшін соттағаны анықталды.Ал екінші азамат тонау фактісі бойынша қылмыстың жауапкершілікке тартылған екен. Айта кету керек, күдіктілерге қарақшылық шабуыл жасауға тағы екі азамат көмектескен. Оның бірі нәзік жанды.

Қазір төрт азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 179-шы бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қарақшылардан пневматикалық қару тәркіленді. Зейнеткерлерге шабуыл жасаған екі азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тағы біреуі кепілдік бойынша бостандыққа жіберілді. Ал қылмыс жасауға сыбайлыстық танытқан азаматшаға үйде қамауда ұстау түріндегі жаза тағайындалды.

 

 

Самат Джакупов.