Қоғам

Солтүстікқазақстандық бозбалалардың бір легі әскер қатарына аттанды

Мақсат Мұқанов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары.

-Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, балалардың барлығы киінген. Әскерге баруға дайын. Барлық жағынан тексеріліп, жақсы деген балаларды әскер қатарына жіберіп жатырмыз. Балалар өздерінің ниеттерімен әскерге аттануда.

Алтынбек Қанафин СҚМУ-ін заңгер мамандығы бойынша тәмамдапты. Жас маман ендігі кезекте, болашағын әскери қызметпен байлансытырғысы келеді. Мақсатына жету үшін бозбала алдымен отан алдындағы борышын өтеп қайтпақ. Алтынбек қарулы күштер қатарына өту үшін алдымен әскери-дәрігерлік тексерістен өткен. Болашақ сарбаздың денсаулығында ешбір кінарат табылмай, ол мерзімді әскери борышын атқаруға аттанғалы тұр.

Алтынбек Қанафин – әскерге шақырылушы.

-Өзімнің денсаулығым жақсы. Сондықтан әскер қатарына әскер қатарына шақырылып отырмын. Өз ниетіммен.

Ұлдарын әскерге шығарып салуға келген ата-ананың толқуын аңғармау мүмкін емес. Дегенмен олар балаларының отан алдындағы борышын өтеп шығулары тиіс, – деп отыр.

Ирина Захарова – ата-ана.

-Балам алысқа кетіп бара жатқандықтан сәл қобалжу бар. Ұлымның әскери міндетін абыроймен атқарып шығып, аман-есен үйіне оралуын тілеймін.

Мерекелік шара соңында жиналғандар алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары әскери қарумен дефиле ұйымдастырды.

 


Бакыт Садуакасов.