Қоғам

Петропавлдағы ардагерлер хорына 30 жыл толды

Кейін концертке жиналған көрермен қауым өнер ұжымы әзірлеген мерейтойлық бағдарламаны тамашалай алды. Кештің шымылдығы “Қазақстаным менің” әнімен ашылды. Хор құрамындағы қариялардың дені 70 жасты алқымдап қалған, десе де аға буын өкілдері сахнада өздерін тың сезінетіні байқалады. Солардың арасында Иван Кручина да бар. 83 жастағы қарт өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнаған. Ал зейнет жасына шығысымен, бос уақытын қатарластарымен өткізу үшін хор құрамына жазылыпты.

Иван Кручина – академиялық ардагерлер хорының әншісі.

-Соғыс және еңбек ардагерлер хорының құрамында ер азаматтардан гөрі әйелдер басым. Өнер ұжымы облыс аудандары мен қалада жиі концерт беріп тұрады. Жылына шамамен алғанда 20 концерт ұйымдастырамыз. Репертуарымыздағы әндеріміздің дені – соғыс жылдарында жазылған туындылар.

Жалпы мерейтойлық концертте көрермен назарына қазақ және орыс халық әндері мен соғыс жылдары жазылған 15 шақты ән ұсынылды. Жиналған қауым концерттен көтеріңкі көңіл күймен шықты.

 

Бакыт Садуакасов.