Білім

Петропавл қаласы мектептерінде 1-сыныпқа арнау шарасы өтуде

Аталған білім ошағында осындай 1-сыныпқа қабылдау мерекелік шарасы дәстүрлі түрде өтіп тұрады екен. Бұл жолы “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері балғындарды 2 топқа бөліп, 45 минутта 5 шақты ойын өткізді. Оқушылар қалам, дәптер, қарындаш сынды оқу құралдарына жасырылған жұмбақтардың дұрыс жауабын табуға тырысты. Осылайша таңертең мектепке кешікпеу, пәнге, оқулыққа ұқыпты қарау сынды қарапайым ережелер балғындардың жадына ойын түрінде тоқылды.

Бұл ойындарды мұрайжай қызметкерлері мектеп ұжымымен бірлесе отырып әзірлеген екен. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, әрбіреуі оқушыны жақсы оқып, жетістіктерге жетуіге ынталандыратын көрінеді.

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі.

-Біз мұражайдағы экскурссиядан тыс бірнеше жыл көлемінде оқушыларға мерекелік шараларды өткізуді қолға алдық. “Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың” атты интерактивтік шарада біз балғындарды жақсы оқып, жетістіктерге ұмтылуға ынталандырамыз.

Мұражай қызмекерлері осы сынды шараны 2 апта көлемінде өткізіп, 20 шақты мектепті аралап шықпақ ниетте.

 

 

Берик Касен.