Қоғам

Облыс орталығында көктайғаққа қарсы шаралар басталды

Татьяна Дмитриева – «Коммунхоз-Петропавл» ЖШС-нің инжинер-абаттандырушысы.

-Облыс орталығында көктайғақтың алдын алу жұмыстарымен айналысатын бізден бөлек «Су-808», «Универсал» және «Коммунстрой сервис» серіктестіктері бар. Петропавл қаласы қазір 10 учаскеге бөлінген. Жаңағы кәсіпорындар өздеріне тиесілі жерлерде қызмет атқарады. Біз қаңтарға дейін 1000 текше метрден астам арнайы қоспа аралас құм әзірлеп қойдық. Әзірше осы жұмыстарға 8 -техника жұмылдырылған. Қыс айларында олардың саны артатын болады.

Сакен Көпеевтың аталмыш серіктестікте қызмет етіп жүргеніне 10 жылдан асқан. Қазір ол жұмысшы кентіне қатынайтын айналма жолға құм себуде. Камаз жүргізушісінің күнделікті жұмысы таңғы 5-тен басталады.

Сәкен Көпеев – «Коммунхоз – Петропавл» ЖШС- нің қызметкері.

-Қар жауып көктайғақ болып жатыр. Қазір жұмыс қысқа қарай қиындап кетті. Таңда ерте тұрып істейміз. Әлі де міне жұмыс жалғасып жатыр.

Биыл серіктестікке 28 миллион теңгенің соңғы үлгідегі бірнеше техникасы жеткізіліпті. Арнайы құрылғылармен жабдықталған көлік қала көшелірін тазалау жұмыстарын оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр.

Самат Қайырденұлы – тілші.

-«Коммунхоз» серіктестігі биыл осындай екі амбебап техника сатып алған. Жұмыстың барлығын осы көліктің өзі атқарады. Асфальт сыпыратын сыпырғышы, тіпті құм сепкіші де бар. Барлығы автоматтандырылған. Жүргізушінің тірлігі тек тізгінді түзу ұстаса болғаны.

Самат Джакупов.