Құқық қорғау органдары

Абайлаңыз! “Көршілер бақылауы”

Танымайтын жандар мазаңызды алып, подъезге кірген жағдайда да осы нөмірге хабарласуға болады. Сондай-ақ, алкогольді ішімдік ішуге үндейтін болса, не істеу керектігін студенттер кездесу барысында жақсы түсінді.

Данияр Алдамасов, Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті.

-Жоқ, маған ішуге тыйым салынған. Өйткені мен әрдайым спортпен шұғылданамын, жарыстарға қатысып жүремін. Тәртіп сақшылардың қолға алған бұл бағдарламасы жақсы екен. Егерде подъездің жанында жастар ішімдік ішіп, шуласа, онда бұл жағдайды айтып тәртіп сақшыларына хабарлауға болады.

Кездесу барысында сондай-ақ студенттер соңғы уақытта заңнамалардың өзгеріске ұшырауына байланысты да көптеген сұрақтар қойды. Жиын соңында полицейлер жастарға парақшалар таратып, заңды сақтап, қылмыстар мен құқықбузышылықтарға бей-жай қарамауға шақырды.

Марат Жапасов, “Көрші бақылауы” алдын алу тобының учаскелік инспекторы.

-Бүгінгі кездесуде студенттерге “Көршелер бақылауы” бағдарламасы жайында көп мағлұмат бердік. Енді мұндай кездесулерді олардың ата-аналарымен өткізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы жыл басынан “Көршілер бақылауы” бағдарламасының сенім телефонына 1300 хабарлама түскен. Осының нәтижесінде 10 қылмыстың беті ашылды. 420 құқықбұзушы тиісті жазасын алса, 200-ден астамына кеңес берілген.

 

 

Бану Ахметова.