Энергетика

Петропавлдықтардың коммуналдық қызметтер үшін қарызы азаймай тұр

Бахтияр Биқанов- СҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы.

-Егер коммуналдық қызметтер үшін қарыз 100 мың теңгеден асып жығылса, біз осындай шараларды қолданбақпыз. Пәтерді тәркілеуге дейін барамыз. Баспананы тәркілеп, саудаға шығаруға мәжбүрміз.

Бұдан өзге, энергетиктер борышкерлерді жарықтан ажырату амалдарын жүзеге асыруда. Бірақ, оларды жылусыз қалдыра алмайды. Сондықтан, көп жағдайда энергетиктер борышкерлерден тиісті ақыны сот арқылы өндіріп алады екен.

Мағауия Сағындықов- «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры.

-2014 жылы біз 4,5 мың тұтынушының жарығын өшірдік. Олардың көпшілігі қарыздарын өтесе де, кейбір пысықтары жарықты өздігінен қосып алып жатады. Сондай-ақ сот орындаушылары борышкерлердің жылжымайтын мүліктерін тәркіледі. 4 автокөлік айыппұл тұрағына жөнелтілгендіктен, иелері қарыздарын бірден өтеді.

Борышкерлерге қатысты қатаң шаралар қолданылып жатса да, кейбірі мүлдем қарызын өтеуге құлықсыз. Кейде коммуналдық қызметтер үшін ақыны Петропавлдағы кәсіпорындар мен фирмалардың басшылары да төлеуге асықпайтын көрінеді. Олардың берешегі осы күні 104 млн. теңгеден асып жығылған.

 

 

Магжан Ахмадина.