Спорт

Петропавлдық спортшылар үшінші халықаралық “Жұлдыз” сайысында топ жарды

Әдия Әлібаева – “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гимнасты.

-Мен осындай сайыстарға бірнеше рет қатысқан едім. Бұл жарыс маған қиын болды. Себебі, қарсыластарым өте мықты еді. Бірақ, осыған қарамастан біз жеңіске жеттік.

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге Ресей, Әзербайджан, Израиль және Қазақстаннан 400-ден астам үміткер қатысқан. Ал біздің облысымыздың намысын 30-дан астам гимнаст қорғады.

Анжелика Шарипова – “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.

-Біздің спортшыларымыз халықаралық дәрежедегі жарыстарға алғаш рет қатысты. Әрине, қорқыныш сезімі болды, себебі қыздарымыз әлі кішкентай. Жеңісті оңай жолмен алдық деп айта алмаймын. Өйткені, Ресей елі құрамасының спортшылары өте мықты болды.

Енді жаттықтырушылар өз тәрбиеленушілерін, Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігіне дайындап жатыр. Бұл дода қараша айына жоспарланған.

 

 

Сагыныш Маркашева.