МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы жүзеге асырылуда

Еділбай Жаңбыршин, қала тұрғыны.

-Уәлиханов ауданынан көшіп келгеніме 2 ай болды. Осыған дейін газель автокөлігінде жүргізуші болып жұмыс істедім. В,С категориям бар. Міне, жұмыспен қамту орталығына 1-ші рет келіп, өзім ұнатқан жұмысты табамын деген ойдамын.

Биыл “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 128 жұмыс орнын құру арқылы 22 жоба іске асырылмақшы. Аталмыш бағдарлама аясында табысы аз, еңбекке қабілетті мүгедектер немесе 50 жастан асқан жандарды тұрақты еңбекпен қамту көзделген. Сондай-ақ, қаламызда мемлекеттік бағдарламаның 3-ші бағыты да жүзеге асырылуда. Ол бойынша жастар тәжірибесі мен кәсіби деңгейін арттыру шаралары қарастырылған.

Жанар Нұркебаева, Петропавл қалалық жұмыспен қамту орталығының инспекторы.

-Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 24 млн. 957 мың тг. бөлінді, 184 адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне 14 млн. 931 мың теңге бөлінді. 131 адам қаладағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бухгалтер, заңгер, экономист, дизайнер, құрылысшы мамандықтары бойынша тәжірибеге жіберілді.

Биыл тағы 82 адам газэлектрдәнекерлеуші, электромонтер, темір-ағаш ұстасы, кондитер, аспаз, тігінші мамандықтары бойынша қайта даярлау курсынан өтеді. Ол мақсатқа республикалық бюджеттен 7 млн. 322 мың теңге қарастырылған.

 

 

Берик Касен.