МТРА жаңалықтары

Өңіріміздің 30 мемлекеттік қызметкері қайта даярлау курстарынан өтуде

Қатира Құдайқұлова- қашықтықтан оқыту және өңірлік орталықтармен әрекет ету секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының доценті.

-Мемлекеттік қызметшілер электронды үкіметтің бағыттарымен және түрлерімен танысады. Ол қазір мемлекеттік қызметшілерге ең керек нәрсе. Сондықтан олар оның қалай көрсетілуін білу қажет.

Дәріс тыңдаушылар үшін қызықты өтуде. Ал ең бастысы мұнда көптеген ақпарат алуға болады.

Бауыржан Құсайынов- Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары.

-Бұл дәрістер біз үшін қажет әрі маңызды деп ойлаймын. Келешекте алған ақпаратты жұмыста кеңінен қолданамыз. Кептеген елдердің электронды үкімет порталы жайлы айтылды. Оларда бұл жұмыс қалай жүргізіліп жатқандығын білдік. Бізде соларға жету қажетпіз. Сондықтан осындай дәрістер керек.

СҚО бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру өңірлік орталығында жыл басынан бері 1316 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарынан өткен. Тағы орталықтың 7 қызметкері Астанаға оқуға барып келген.

 

 

Магжан Ахмадина.