МТРА жаңалықтары

Облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Гүлзиян Ізбасова, СҚО статистика департаменті басшысының м.а.

-Ағымдағы жылдың 9 айында ірі қараның барлық түрі мен құстың еті 65,8 мың тоннаны құрады. Сауылған сүт 395 мың тонна, 418 мың дана құс жұмыртқасы алынды. Ірі қара мен құстың өсу қарқыны сақталуда.

Өңірімізде шығарылған өнімдер облысымыздан тыс аймақтарда үлкен сұранысқа ие. Ағымдағы жылдың 9 айында өңірімздің кедендік одақ мемлекеттерімен өзара тауар айналымы 316 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт -27 млн доллар, қалғаны сомма импорттың үлесіне тиесілі.
Өңірде азық-түлік өнімдері бағасының өскені байқалады. Мамандар ет пен макарон бағасының қымбаттағанын айтады.

Гүлзиян Ізбасова, СҚО статистика департаменті басшысының м.а.

-Ет, ет өнімдері-5,9 пайызға қымбаттады. Оның ішінде құс-11,9, шұжық-10,2, шошқа,-9,8 пайыз, жылқы еті-4,7, ал қой 4 пайыз болса, сиыр етінің бағасы 2,7 пайызға жоғарылаған. Ал, макарон өнімдері 12,5 пайызға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 8,1 пайызға артты.

Ал, тұрғындардың жалақысы небары 7,5 пайызға өсіп, орташа еңбек ақы 77 мың 973 теңгеге жетті. Мамандардың айтуынша жоғарғы айлықты ақпарат және байланыс кәсіпорындарының қызметкерлері, шамамен 116 мың 332 теңгеден алады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өңірде 5 мың 454 сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылдың осы уақытмен салыстырсақ туу көрсеткішінің 5 пайызға кемігіндігін байқатады.

 

 

Бану Ахметова.