Денсаулық сақтау

Нөмірі 3-ші қалалық ауруханаға заманауи құрылғы жеткізілді

Нұртай Қасымов – Петропавл қаласының тұрғыны.

-Осында мені жедел жәрдеммен алып келді. Бірнеше күн тексерілдім. Жаңа міне енді шлангы жұттым. Жаңа қондырғы, жақсы екен. Тексерілдік. Ауырады, бірақ шыдауға болады екен.

Жапон елінің олимпус фирмасы шығарған мына бейнеэндоскопиялық кешеннің құны 14 миллион теңгеден асып жығылады. Оны сатып алуға ел қазынасынан арнайы қаржы бөлінген екен. Тиімділігі сол, теңдесі жоқ құрылғы арқылы ішек, тоқ ішек, асқазан ауруларын монитор арқылы ұлғайтып көруге болады. Тіпті зақымданған жерді суретке түсіріп алып, арнайы флешкаға сақтап қояды. Жаңа қондырғының бөлшектерін жуатын арнайы машинасы да бар. Ол 10 миллион теңге тұрады.

Константин Зырянов – №3 қалалық аурухананың эндоскопист дәрігері.

-Бұл олимпус компаниясы өндірген соңғы аппарат. Эндоскопиялық ауруларды анықтауда бұл қондырғыға ешқайсысы тең келмейді. Науқысты тек 2 минуттың ішінде қарап шығуға болады. Бұл ноухау технологиясы деп айтуға болады.

Аталмыш аурухана жыл сайын заман талабына сай соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Айта кету керек емдеу мекемесіне жыл соңына дейін тағы жаңа төрт қондырғы жеткізілмекші.

 

 

Самат Джакупов.