МТРА жаңалықтары

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты тегін ғаламтор желісіне қосылды

Осыған дейін байланыс компаниясы Алматы қаласындағы “Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы мен Павлодардағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернатын интернетке қосқан. Ал үшінші қала Петропавлда есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына таңдау түсіпті. Айта кету керек, жуырда білім ошағы өзінің 70 жылдығын атап өтпекші. Бұл мерейтой қарсаңында жасалған игі істің бірі.

Тілек Ахматов – “2 Day Teiecom” ЖШС коммерциялық директоры.

-Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп осы бағдарламаға қатысу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ. Мұндай балалар үшін интернет – оқу барысында керекті ақпарат алуда таптырмас мүмкіндік. Балаларға бос уақытында әлеуметтік желілерде де отыруларына болады. Біз жыл соңына дейін еліміздегі тағы 15 әлеуметтік мекемені ғаламторға қосамыз.

Өз кезегінде мектеп-интернат басшылығы тегін ғаламтор желісін қосып берген байланыс операторына алғысын білдіруде. Бұрындары интернат тәрбиеленушілері ғаламтор желісіне кіруде біраз қиындықтарға кезігетін. Енді түйткілді мәселе шешілгендей. Қайырымдылық жобасының арқасында балалар күнделікті интернетке тегін кіріп, өздеріне қажет ақпаратқа қол жеткізбек. Интернет пакетінің жылдамдығы да жоғары.

Жангелді Тәжин – Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат директоры.

-Біздің балаларымыз қазір компьютердің құлағында ойнайды.Осыған дейін ғаламторға кіру ақылы болып келген.Ал енді біздің “Билайн” компаниясының сыйлығы арқасында интернетке тегін кіре аламыз.Ол балалардың сабағында пайдаға жарамақ.

Байланыс орталығы алда Қостанай мен Қарағандыдадығы әлеуметтік нысандарын да тегін интернет желісіне қосуды жоспарлап отыр.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.