Балалар

Жерлестеріміз өрт- құтқару спортында жақсы өнер көрсетті

Бауыржан Бегіманов- Жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп- интернатының 11 сынып оқушысы.

-Әрине біз үшін жарыстар оңай болған жоқ. Өйткені біз бірінші рет қатыстық. Мықты деген командалар болды. Десе де бір жаттығуда үздік нәтиже көрсетіп, өзгелердің алдын орап кеттік.

Александр Иванов- Жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп- интернатының 10 сынып оқушысы.

-Келешекте ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, одан да мол жетістіктерге қол жеткізгіміз келеді. Жалпы бізге бұл спорт түрі ұнады.

Бүгін құтқарушылар жеңіске жеткен балғындарға кубок, сыйлықтар табыс етті.

Жиында сонымен қатар өрт сөндірушілер қыркүйектің 4-і мен 9-ы аралығында өрт- құтқару спорты бойынша өткен әлем чемпионаты жайында да айтты. Онда қазақстандық құрама сәтті өнер көрсетіпті. 17 елдің спортшылары арасында жалпы командалық есепте әйелдер құрамасы 2-ші ал ерлер 5-ші орыннан көрінген.

 

 

 

Магжан Ахмадина.